
Қызылорда тұрғындарын бiлiм мекемелерiнiң жанынан ашылып жатқан сауналар жайы алаңдатады.
Расымен, соңғы уақытта мектеп пен балабақша жанынан қызмет көрсетуiн бастаған мұндай демалыс орындарын көптеп кездестiруге болады. Мәселен, суреттегi мына қаланың қақ ортасында орналасқна сауна бөбекжаймен көршi болып отыр.
” Менiң ұлым осы балабақшаға барады. Дәл қасында сауна бар. Өздерiңiз бiлесіздер, мұнда тек жуыну үшiн келетiндер аз. Жеңiл жүрiстi қыздар толып жүредi. Ол қыздарға дені мен ойы сау адам келмейтіні белгілі. Балаларымыз үшiн алаңдаймыз” -, дейдi ата-аналардың бiрi.
Өкiнiшке орай, балабақша не сауна басшылығымен сөйлесу мүмкiн болмады.
“Ақмешiт” мөлтек ауданында орналасқан № 6 мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған мектеп-интернат та саунамен көршi болып отыр. Бұларға тiптен қиын. Интернатта қонып оқитын тәрбиеленушiлер күнделiктi айқай- шуға үйренiп кеткен.
Stan.kz хабарлағандай, бiздiң түсiрiлiм тобымыздың жiгiттерi осындай сауналардың бiрiне бас сұғып, жезөкшелердiң жұмыс істейтінін де анықтады. Көрсетiлетiн қызмет құнын тiзбектеп шыққан келiншек, жеңiл жүрiстi қыздардың сұранысқа ие екенiн де айтып қалды.
https://youtu.be/Pm95kCKFHTI