jasqazaq.kz

Білім басқармалары негізсіз шарттар жасасқан

02 мамыр 2023, 16:13

Еліміздегі кейбір білім басқармалары азық-түлік жеткізушілермен негізсіз шарттар жасасып, заңсыздыққа барған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлім етті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оқу-ағарту министрлігіне азық-түлік жеткізушілеріне MektepMenu-ге қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша негізсіз шарттар жасасу тәжірибесін жоюды ұсынды. Жеткізушілер бөлшек сауда және тамақтану қауымдастығымен бірге аталған мәселені көтерді. Өтініштің мәні Kundelik ақпараттық жүйесімен біріктірілген MektepMenu порталында «мәзір мен тағамдар» фотосуреттерін орналастыру үшін негізсіз ақы алу болды. Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы бұйрығына сәйкес мектептер тамақтану мәзірін сайтқа жариялау керек. Оқу-ағарту министрлігінің түсіндірмесіне сәйкес осы ақпараттарды интернет-ресурстарында (Instagram, Facebook, Kundelik, Bilimal) тегін негізде орналастыруға болады. Бірақ 2022 жылдың қараша айынан бастап, Білім басқармасының ұсынысы бойынша азық-түлік жеткізушілері «NetInfoDistribution» компаниясымен шарт жасасып, мәзірді MektepMenu порталында ақылы негізде жариялай бастады. Жеткізушілер мұндай қызметтерге ақы төлеу қосымша шығын екенін және ата-аналарға ауыртпашылық түсетіні» жазылған агенттік таратқан ақпаратта. Ведомство мәліметінше, елордалық 94 мектепті тамақпен қамтамасыз ететін 12 жеткізуші анықталған. Олар MektepMenu-ге қол жеткізу үшін 2,5 млн теңгеден астам қаражат төлеген. Жалпы 7 өңірде осыған ұқсас фактілер 405 мектеппен жұмыс істейтін 117 жеткізушіге де қатысы бар болып шықты.
«Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Оқу-ағарту министрлігінің, Білім басқармасының, «Kundelik» ЖШС және «NetInfoDistribution» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша ақпараттық жүйелерде тамақтану мәзірін тегін орналастыруды қайта бастау туралы шешім қабылданды. «NetInfoDistribution» ЖШС-мен жеткізушілердің шарттары бұзылды. Алайда, мемлекеттік сатып алу порталының кейінгі мониторингі мектеп мекемелерінің MektepMenu порталына қол жеткізуде қызметтер көрсету бойынша конкурс өткізе бастағанын және NetInfoDistribution-мен шарттар жасаса бастағанын көрсетті» делінген агенттік ақпаратында.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура