
Бүгін Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық білім бөлімінің басшысы Ынтымақ Мәдиев қызметтен босатылды. Оған кешегі, мамырдың 19-ы күнгі оқыс оқиға себеп.
Айта кетейік, кеше түскі сағат 12:50 шамасында Қызылжар мөлтекауданында жол көлік оқиғасы болды. 1998 жылы туылған азамат Ауди автокөлігімен аялдамада тұрған 9 бірдей оқушыны қағып кеткен. Оның біреуі 2012 жылы туылған 4-сынып оқушысы оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Абырой болғанда қалған сегізі аман. Түрлі дене жарақаттарын алған. Қалалық ауруханаларда жедел медициналық көмек алып жатыр. Оқыс оқиғаға тап болғандармен бүгін қала әкімінің өзі кездесіп, мәселенің мән-жайын сұрады. Осы іске байланысты шұғыл жиын өткізген шаһар басшысы бірқатар азаматтарға тапсырма берді. Қала әкімінің сөзіне сүйенсек, алдағы уақытта мектеп оқушылары арнайы автобустармен тасымалданатын болады.