jasqazaq.kz

Билеті 200 мың теңгелік концертке барар ма едіңіз?

24 мамыр 2023, 11:41

Белгілі журналист, тележүргізуші Гүлмира Әбіқай атақты әнші Лара Фабианның Алматыда өтетін концертінің билеттерінің бағасы жайлы ашып айтты.

Сөзінше билет құны 200 мың теңгеден кем түспейтін концертке билет таусылып қалған. Тележүргізуші бұл ойын өзінің желідегі парақшасында жариялады.

«Лара Фабиан деген әншіні танитын боларсыздар. Алматыға гастрөлдік сапармен келеді. 25-ші маусымдағы концерт билеті 200.000 тг.
Дәл осы соммадағы билеттің бәрі сатылып кеткен. Республика сарайының сыйымдылығы 3000 орын екенін ескерсек, Бельгиялық поп-жұлдыз Қазақстаннан қалтасын қомпайтып қайтары анық. Лара бүгінде әлемдегі ең бағалы әрі сұраныстағы әнші. Оның француз тілдес лирикалық сопрано дауысы алты құрлықты өзіне қаратып тұр. Естеріңізде болса, біздің Димаш Лара әпкесінің 4 октав дауысына ілесіп, 4 жыл бұрын жұп болып шырқап еді. Димаштың Алматыдағы концертінің өзі 20-50 мың тг. төңірегінен аспады.
Ал, енді осы тақырыпта жазайықшы. Сіз концертке сатып алған ең қымбат билет қанша тұрады? Өз сүйіктіңіздің өнерін көру үшін қанша ақшаны аямас едіңіз, кімді көргіңіз келеді? Мысалы, маған латын-америкалық мақамдар ұнайды», — деп жазды журналист.

Десе де көпшілік осынша ақшаға билет алған «байшыкештерді» сынап тастады. Олар: «200 000 тг концерт көргенше отбасыма жұмсамаймын ба? Немерелерімді қыдыртпаймын ба?», «Көрерсіз ертең, 200 мың болмақ түгілі 500 мың болса да біздің мақтаншақ қазақтар толтырады залды», «200.000-ға телевизор алып алмаймын ба?» деп жазды олар.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі