jasqazaq.kz

Бибигүл Жексенбай: Қазақстандағы заңсыз көші-қонның өсуі әлеуметтік тұрақтылыққа қауіп төндіреді

28 қараша 2024, 13:03

Қазақстандағы заңсыз көші-қонның өсуі еліміздегі әлеуметтік тұрақтылық пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін басты проблеманың біріне айналуда, деп есептейді сенатор Бибигүл Жексенбай. Ол депутаттық сауалында Бас прокуратураның деректерін келтірді, онда еліміздің заңдарын бұзған шетелдік азаматтардың саны 2024 жылы едәуір өсіп кеткен болып шықты. Осы жылдың өзінде 82 мыңнан астам мигрант әкімшілік жауапкершілікке тартылған, ал 1,2 мыңға жуық жұмыс беруші шетелдік еңбек күшін заңсыз пайдаланған екен.

«Жалған еңбек шартын, медициналық анықтамаларды жасап, заңсыз есепке қойған халыққа қызмет көрсету орталықтары мен емдеу мекемелерінің қызметкерлері тұратын қылмыстық топ анықталған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің дерегі бойынша қазір 13,2 мың шетел азаматы ресми түрде жұмыс істейді. Еңбек мигранттарының дерлігінде жұмысқа шақыру рұқсат қағазы жоқ. Заңды және заңсыз мигранттардың жинақталуы әлеуметтік-экономикалық ғана емес, қауіпсіздік мәселелерінің туындауына әкелуі мүмкін», — деп атап өтті депутат.

Бибигүл Жексенбайдың пікірінше, жаһандану және көші-қон ағындары күшейген жағдайда Қазақстанға шетел азаматтарының қозғалысын бақылауды күшейту, еңбек мигранттарын заңдастыру жүйесін дамыту және заңсыз көші-қонды мен еңбек ресурсын пайдалануды ұйымдастырушыларға жазаны қатаңдату қажет.
Шекарада қатаң шаралар қолдану, бақылауда инновациялық технология пайдалану және мигранттар арасында хабардарлықты арттыруды көздейтін кешенді тәсіл ғана өсіп келе жатқан қауіпті жеңуге көмектеседі, деп санайды сенатор. Қазақстан өзінің экономикалық мүддесін қорғап қана қоймай, қоғамда тұрақтылықты сақтап, барлығына қауіпсіз және әділетті түрде жұмысқа орналасуды қамтамасыз етуі маңызды, деді Бибигүл Жексенбай.

JQ-Aqparat

Фото: parlam.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі