jasqazaq.kz

Безбүйрек әке мүгедек ұлынан бас тартты

23 ақпан 2017, 17:48

Қостанайда сал ауруына ұшыраған баланың әкесін ата-аналық құқығынан айырды. Бұл туралы Қостанай қалалық прокуратурасы бөлімінің прокуроры Эльмира Нұрқанованың мәлімдемесінен белгілі болды.

«Баланың анасы өз күйеуін әкелік құқынан айыруды сұрап шағым түсірген. Қазір кімдер ата-аналық құқынан айырылмай жатыр дейсіз деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда бұл жағдайда сал ауруға шалдыққан баланың әкесі баладан өзі бас тартқан. 2005 жылы дүниеге келген бала туғанынан мүмкіндігі шектеулі жандар қатарында», — дейді Эльмира Нұрқанова.

Әкесі баласымен 2006 жылдан бері көріспеген. Материалдық көмек те көрсетпеген. Алимент құны 1 миллион теңгеден асып кеткен деп жазды NUR.KZ.

«Ең сорақысы, әкесі тіпті сот отырысына да келмеді. Ол тек әкелік құқынан айыру шешімімен толық келісетінін көрсетіп жазбаша хат жолдаған», — дейді прокурор.

Сот шешімі заңдық күшіне енген жоқ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде