jasqazaq.kz

Бетперде киген қарулы үш адам Қарқаралыдағы банкті тонамақ болған

30 шiлде 2016, 16:31

Қарағанды облысындағы Қарқаралы қаласында ескерту батырмасының арқасында банк бөлімшесіне шабуылдың алды алынды. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі басшысының м.а. Батырхан Смайылов телефон арқылы хабарлады.

Екінші деңгейлі банкті қарулы бетперде киген үш адам тонамақ болған, деп мәлім етті баспасөз қызметі.

29 шілдеде кешке қарай сағат 17.30 шамасында банк бөлімшесіне белгісіз біреулер қарумен кіріп келген, алайда кассирлердің бірі ескерту батырмасын басып үлгерген. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келгенше асыққан қарақшылар ақша алып үлгермей қашып кеткен.

«Дабыл бойынша Қарқаралы аудандық ІІБ жеке құрамы түгел көтерілген. Полицияның жедел қызметі куәгердің айтуы бойынша күдіктілер мініп кеткен көлік түрін анықтаған. Осыдан кейін тәртіп сақшылары осы көлік түрінің барлығының иелерін тексеріп шықты. Қалаға жақын ауылдардың бірінің үш тұрғыны анықталып, ұсталып, олар істерін мойындады», — дейді Б.Смайылов.
Аталмыш оқиға сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне алынып, ҚР ҚК 192 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктілдер уақытша ұстау абақөтысына қамалды. Тергеу жалғасуда.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде