jasqazaq.kz

«Беті көгеріп, мұрны қисайған». Шерзаттың әкесін қорқыту болған-болмағаны тексеріліп жатыр

15 қазан 2024, 15:16

Бүгін Қонаев қаласында ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Бұл жиын Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу жұмыстарының жүргізілуіне арналды.

Соңғы кезде жұрт арасында, сондай-ақ әлеуметтік желі мен ақпарат құралдарында таралып жатқан сан қилы долбарды тоқтату үшін мұндай жиынды, шыны керек, ізін суытпай өткізген жөн еді. Өйткені түрлі блогерді былай қойып, кейбір беделді ақпарат құралдарының өзі «бір шөлмек сыра үшін адам өлтірді» деп айқайлатып, жағдайды ушықтыруға үлес қосып-ақ жатыр.

Оның үстіне кеше дүкен жанындағы төбелестің бейнежазбасы тарап кетті. Іле-шала Шерзат Болаттың әкесі мәлімдеме жасады. Сол арада біреулер оның осы бейнежазбаға дейінгі және кейінгі суретін қатар қойып, «беті көгеріп, мұрны қисайған ба» деп отқа май құя түсті.

Сондықтан баспасөз мәслихатында әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан осы видео туралы сұрақ қойылды: «Әкесінің мәлімдемесінен кейін халықтың назары сонда отыр. Себебі әкесінің беті көгерген, мұрны қисайған деген секілді ақпарат тарап жатыр. Қандай да бір қорқытулар, оны ұрып-соқты ма деген көрермендердің сұрағы бар. Енді сіздер оны күндіз-түні бақылауға алғансыздар ғой. Ондай жағдай болмады ма?».

Бұл сауалға Бауыржан Әленов: «Ондай жағдай болған жоқ. Таңертең облыс прокуроры Берік Адамов ол кісінің қорғаушысымен сөйлесіп, бүгін келіп қорқыту бойынша түсініктеме береміз деген. Сол бойынша бәрін дәлелдеп білеміз. Қылмыстық іс құрамы бойынша қорқыту жөнінде түсініктеме аламыз, — деп жауап берді.
Ол осы жиында жалған ақпарат таратпауды өтініп, тергеу аяқталғаннан кейін барлық сауалдарға жауап берілетінін мәлімдеді.

JQ-Aqparat

29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
29 маусым, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс