jasqazaq.kz

Бесікті ат қып мінген қандай ырым? (Видео)

01 желтоқсан 2023, 11:05

Әлеуметтік желіде егде әйелдің бесіктің үстіне мініп, қамшылаған бейнежазба тарады. «Бұл қайдан шыққан ырым» деп көпшілік аң-таң.
Осыған орай қазақтың бесікке байланысты ырым-тыйымдары еске түсірейік:
• Бос бесікті тербетпейді.
• Бос бесікті еш уақытта жабусыз қалдырмау керек. Үстіне ақ мата жауып, ең болмағанда ұршығына орамал байлап қою қажет.
• Бесіктің теріс жағына отырмайды.
• Бесікті саудаламайды. Айтқан бағасына сатып алу керек.
• Бесік жасайтын шеберлер ынсапты болуы тиіс. Киелі дүниенің бағасын аспандатпауы керек.
Қазақ халқы шаңырақты, бесікті, табалдырықты қасиет тұтқан. Бұл үшеуін ешқашан аяқпен баспаған. Бұл үшеуі қашанда бірімен бірі байланысып, ұштасып жатады. Осынау қасиетті үш затты қатты тозып, тым ескірген кезде де аяқтың астына тастамай, өртеп жіберетін болған әрі күлін де аяқасты қылмай, көміп тастаған.

https://www.youtube.com/watch?v=JGMeHlU5Q6I&ab_channel=%D0%9A%D1%83%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D1%88%D0%95%D1%80%D0%BC%D0%B5%D0%BA%D0%BE%D0%B2%D0%B0

JQ-Aqparat

фото: видеодан скриншот

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі