
Павлодар облысында кәсіби міндеттерін дұрыс атқармаған дәрігерлер кесірінен 5 жастағы қыз қайтыс болды.
Stan.kz сайтының хабарлауынша 5 жасар қыз ішек инфекциясы ауруымен 2015 жылдың тамыз айында ауруханаға түседі. Аудандық аурухананың дәрігері оң нәтижеге қарамастан балаға антибиотик тағайындайды. Бұл қызда анафилаксиялық шок тудырған. Емделушіні есеңгіреу халінен шығаруға қатысты ешқандай шара қолданбастан, оны әрі қарай ем қабылдау үшін қалаға жіберген.
Павлодар қаласына бара жатқан жолда қыз жедел жәрдем ішінде қайтыс болады. Осы жағдайға байланысты өзінің кәсіби міндетін лайықты атқармады деп Успен аудандық ауруханасының дәрігеріне айып тағылған.
Істі қарау барысында дәрігер зардап шеккен тарапқа шығынды толықтай өтеген. Сот істі қарап дәрігерді 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, бір жылға дейін медициналық қызметпен айналысуына да шектеу қойды. Үкім заңды күшіне енбеді.