
Қытайда бес аяқты бұзау туылды. Оның артық аяғы арқа тұсынан өсіп келеді.
Басқа фермерлер жас сиырды сатып алудан бас тартқан. Олардың айтуынша, ерекше туылған жануар жақын уақытта өліп қалады. Сондықтан, Чен Минго атты қожайын бұзауды өзі асырауды жөн көрген. Қытайлықтың айтуынша, ол жануардың еш кедергісіз жақсы қалыптасып өсіп келе жатқанын көргенде өзін бақытты сезінген.
Минго сиырды «кемтар» деп атамай, қайта оның егіздердің ішінде өзі ғана тірі қалғанын ескере отырып, артық аяғының оған мұрагерлікке өткенін айтуда.
today.kz хабарлағандай, ерекше жаратылған жануардың Қытай желілерінде танымалдылығы артты.