jasqazaq.kz

Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды

02 тамыз 2016, 11:04

20160802105838

Кезінде Шымкент қаласынында баспасөз қызметінің басшысы болған танымал  журналист жаңа қызметке тағайындалды.  Журналист Берік Уәли, енді  Инвестициялар және даму министрінiң кеңесшiсi әрi қоғаммен байланыс бөлiмiнiң меңгерушiсi болып жаңа қызметке орналасты. Бұл туралы министр Жеңіс Қасымбек Фейсбуктегі парақшасында жария етті.

«Танымал тележурналист, қоғам белсендiсi Берік Уәли ҚР Инвестициялар және даму министрлігiне жұмысқа келiп жатыр. Берiк Уәли бүгiннен бастап министрдiң кеңесшiсi әрi қоғаммен байланыс бөлiмiнiң меңгерушiсi болып тағайындалды», деп жазды ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, министрлiкте Ақпараттық қамтамасыз етумен айналысатын арнайы департамент құрылуда. Алдағы уақытта министрлiк осы департамент арқылы қоғаммен байланысты күшейтудi көздеп отыр.

Берiк Уәли журналистика саласында жинаған тәжірибесін соңғы жылдары мемлекеттік қызметте де тиімді ұштастырып келеді. ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары — баспасөз қызметiнiң басшысы, ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметтерін абыроймен атқарған.

Жеңіс Қасымбек Берік Уәлиді жаңа қызметімен құттықтап, министрліктің жұмысын халыққа жақындатуға бағытталған игі істердің бастамашысы болатындығына сенім білдірді.

inform.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде