jasqazaq.kz

Берік Асылов: Еңбек құқығын бұзғандарға салынатын санкция мардымсыз

04 желтоқсан 2023, 13:30


Ірі бизнеске еңбек құқығын бұзғаны үшін салынатын әкімшілік санкция мөлшері мардымсыз. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Бас прокурор Берік Асыловтың жауап берді.
«Қазіргі уақытта АрселорМиттал Теміртау» шахтасындағы соңғы апат фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол прокуратураның бақылауында тұр. Мұндай қайғылы жайт жауапты тұлғалардың жұмысшылардың қауіпсіздігіне дұрыс қарамауының, сонымен қатар құқықтық реттеу мен мемлекеттік бақылаудың жеткіліксіздігімен байланысты түрлі фактордың қалыптасуының салдары», — деді Берік Асылов.

Мәселен, оның атап өтуінше, ірі бизнес субъектілеріне жұмысшылардың еңбек құқықтарын бұзғаны үшін салынатын әкімшілік санкция (айыппұл көлемі 500 мың теңгеден аспайды) мардымсыз. Сондықтан оларға тәртіпке жазаға тарту әдісі жұмыс істемейді.

«Бұған қоса, заңнамалық актілерде жарақаттану және қауіпсіздік техникасы ережелерінің өрескел бұзылу фактілері байқалған кәсіпорындарды жыл сайын тексеруге мүмкіндк беретін нормалар жоқ», — деді Берік Асылов.

Бас прокурордың атап өтуінше, мұндай кәсіпорындарға заңнамалық шаралар қабылдауға қатысты мәселе ел Үкіметінде қарастырылып жатыр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі