
Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев ер мінезді қыздардың мақтауын асырып, олардың мықтылығын сөз етті.
Əкім кез келген ер азаматтың қолынан келе бермейтін істі дөңгелетіп жүрген Ақтөбенің қыз-келіншектерін мақтады.
«Үлкен іс-шараларды өткізу тек Ақтөбенің қыздарының ғана қолынан келеді. Мен əрдайым қалжыңдап айтамын. Ақтөбенің жігіттері бұлай жасай алмайды. Гүлбаршын, Рабиға, Зəмзəгүл секілді Ақтөбеде мықты қыздар бар. Осындай елге, болашаққа жанашыр азаматтар көп болса, мемлекетіміз жаман болмайды»,-деді облыс əкімі Бердібек Сапарбаев.
Ақтөбе облысының əкімі «Ақбөбек» балалар шығармашылығына арналған облыстық байқаудың халықаралық деңгейге жеткеніне қуанды.
Ақтөбеде «ЭКСПО 2017» көрмесіне арналған балалар фестиваліне Ресей, Ташкент, Бішкек жəне Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 900-ге жуық оқушы қатысқан.
nur.kz