jasqazaq.kz

Бензиннің жалған талондары пайда болды

06 ақпан 2017, 14:30

Әлеуметтік желілердің пайдаланушылары жанар-жағармай құю бекеттерінің маңында белгісіз адамдар бензинге арналған жалған талондарды саудалап жүргеніне шағымдарын айтуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің қателігімді қайталаудан сақ болыңыздар! Кеше Республика даңғылы бойында 40 жас шамасындағы бір ер адам маған АИ-92 бензиніне талон сатып алуды ұсынды. Онда 100 литр болды, мен тек 50 литрін алдым. Бүгін Синоойлге барсам, оператор бұл талондардың жалған екенін айтты»,-деп жазды Facebook-те Натуся Бэст есімді пайдаланушы. Атап айтқанда, бұл жалған талонға көзбен бір қарағанда тұпнұсқадан айырмашылығы байқалмайды және екінші жағына мөр де басылған. Алайда, қолға алған кезде түпнұсқадан айырмашылығын анықтауға болады, сонымен қатар онда арнайы белгі жапсырылуы тиіс. «Қалада бұрыннан бері кез келген адамнан талон алмау туралы ескерту жасалып келеді… Себебі, олардың арасында жалған талондар өте көп»,-деген ойымен бөліскен Bitner Katrin есімді пайдаланушы. Белгілі болғандай, осындай жағдай жиі кездеседі екен. Әлеуметтік желінің өзге де пайдаланушылары өз пікірлерінде алаяқтардың құрбаны болғандығы туралы жазуда. Осы орайда олар жалған талондардың фотосуреттерін салып, көпшіліктің назарына ұсынып жатыр. «Мен де желтоқсанда Республика даңғылында сатып алған болатынмын»,-деп шағымданды Dauren Yerkassov. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда сұранысы жоғары АИ-92 маркалы бензинінің бағасы өскен болатын.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде