jasqazaq.kz

Бензин мен дизель отыны қымбаттайды

03 сәуiр 2023, 17:09

Елімізде жанармай бағасы қымбаттайтын болды.

АИ -92 мен АИ-93 маркалы бензиннің бағасы 11 пайызға өседі. Сөйтіп АИ-92 бензинінің бағасы қазіргі 182 теңгеден 205 теңгеге дейін өседі. Литрі 187 теңге тұратын АИ-93 бензинінің бағасы да осы шамада(205 теңге) болады.
Ал дизель отыны 20 пайызға қымбаттайды. Оның бағасы аймақтардағы 230-260 теңгеден 295 теңгеге дейін өседі.
Жанармайдың қымбаттауын энергетика министрлігі көрші елдердегі бағамен арадағы айырмашылықпен түсіндіреді. Яғни, арзан бензинді шетке шығарып, қымбатқа сату әрекеті тоқтамайды. Соның салдарынан жанармай өндірісі артқанымен, ішкі нарықта тапшылық сезілетін болады.
Министрлік жетекшісі Болат Ақшолақов көрші елдердегі дизел отыны бағасының біздегіден жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, дизель отынының литрі Ресейде 345 теңге (45 пайыз қымбат), Қырғызстанда 390 теңге (64 пайыз), Өзбекстанда 480 теңге (101 пайыз) тұрады.

JQ-Ақпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде