jasqazaq.kz

Белгілі рэп-орындаушы Qarakesek қамауға алынды (Видео)

04 қыркүйек 2025, 19:34

Ақтөбе қаласында жүргізілген жедел іс-шаралар барысында 31 жастағы рэп-орындаушы есірткілік масаң күйінде көлік жүргізіп отырған жерінен ұсталды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақтөбе полициясына сілтеме жасап. 

Тінту кезінде одан ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысы оның синтетикалық есірткі заты екенін анықтады.
Медициналық куәландыру нәтижелері де оның көлікті есірткілік масаң күйде басқарғанын растады.Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Полиция ұсталған адамның есімін жариялаған жоқ. Кейбір деректерге сүйенсек, ұсталған адам танымал әнші Qarakesek.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Polisia AQTOBE (@polisia_aqtobe)

 

12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті