jasqazaq.kz

Бейнежазба арқылы бопсалаған

26 маусым 2023, 15:28

Жамбыл облысында интимдік сипаттағы бейнежазбаны таратпау мақсатында ақша бопсалаған күдіктілер құрықталды. Мұны Polisia.kz мәлім етті.

«Тараз қаласының полиция бөліміне юопсалау дерегі туралы облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны шағымданды. Жас жігіт кейбір адамдар бопсалау және қоқан-лоққы көрсету арқылы интимдік сипаттағы бейнежазбаны таратпау үшін оның 990 мың теңге көлеміндегі ақшасын иемденгенін айтты. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 94-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Жамбыл облысының полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісімен бірлесіп 29, 28, 24, 19 жастағы төрт азаматты анықтап ұстады. Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындады», – деп жазды Polisia.kz.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі