jasqazaq.kz

Бейнебақылаумен қамтылмаған әскери бөлімдер бар

18 сәуiр 2023, 12:36

Еліміздегі кейбір әскери бөлімдер бейнебақылау жүйесімен қамтылмаған. Бұл туралы Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев мәлімдеді.
«Әскери бөлімдерді бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету әлі де өзекті. Шекара қызметінде 358 нысанның тек 104-ті бейнебақылаумен қамтылған. Ұлттық ұланда толық қамту үшін әлі де 216 бейнебақылау жүйесін қолдану керек. Қорғаныс министрлігінде 12,5 мың бейнебақылаудың 4,1 мыңы істен шыққан», — деді М. Қазиев Сенатта әскери қызметшілердің денсаулығына қатысты мәселені талқалау кезінде.

Оның айтуынша, әскери бөлімдер мен мекемелерді бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді реттейтін бірыңғай құқықтық-нормативтік акт болмаған.
«Бұл жұмыс қолға алынып, бірлескен бұйрықтың жобасы дайындалды. Қазіргі кезде ол құжат пысықталып, келісуден өтіп жатыр. Бұйрық қабылданып, қаражат бөлінген жағдайда, әскери бөлімдерді бейнебақылау жүйесімен қамту қарқынды жүреді», — деді Мақсат Қазиев.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура