jasqazaq.kz

Beeline интернет бағасын қолдан көтерген – агенттік

14 ақпан 2025, 11:39

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Beeline ұялы байланыс операторы қызметінде бірқатар заңбұзуды анықтады. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

— Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактілері бойынша талдау жүргізілді. Оның нәтижесінде «КаР-Тел» ЖШС (Beeline) тарапынан үй интернеті қызметінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері анықталды, бұл тұтынушылардың заңды құқығының шектелуіне әкелді. Талдау нәтижелері көрсеткендей, Beeline тұтынушыларға үй интернетінің жылдамдығын таңдау мүмкіндігін шектеп, 100 Мбит/с-тан жоғары жылдамдықтағы интернетті ұсынған. Бұл өз кезегінде бағаны жасанды түрде қымбаттауына және тұтынушылар құқығының бұзылуына алып келді, — делінген хабарламада.

Beeline компаниясының ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 300 Мбит/с-қа дейінгі жылдамдықтағы интернет тек GPON технологиясы бар үйлерде ғана қолжетімді. Ал басқа үйлерде ең жоғары жылдамдық 100 Мбит/с-ты құрайды, бірақ тариф бағасы барлық абонент үшін бірдей.

— 2024 жылы 19 қарашада Beeline компаниясына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұзуды жою жөнінде хабарлама жіберілді, — дейді елордалық департаменттен.

Компанияға тұтынушылардың тарифті таңдаудағы құқығын қамтамасыз ету бойынша келесі шараларды қабылдау тапсырылды:

— егер тұтынушы жоғары жылдамдықтағы интернетті пайдаланғысы келмесе, жылдамдығы 100 Мбит/с -тан аспайтын интернетпен қамту;
— 100 с/Мбит-тан аспайтын интернетке қосу қызметін қосымша ақысыз жүзеге асыру.

— Қазір ұсынымдар толық орындалды. 2025 жылғы 15 қаңтардан бастап тұтынушыларға 100 Мбит/с-қа дейінгі тарифтік жоспарлар ұсыныла бастады және олардың бағасы 500 теңгеге арзандады, — делінген ақпаратта.

Фото: encriptados.io

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі