jasqazaq.kz

Баянауыл ауданында республикалық тас жолды су шайды (видео)

18 сәуiр 2017, 13:16

Баянауыл ауданында таулы аймақтардан аққан қар суы республикалық маңыздағы жолдың бір бөлігін шайып кетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, таңертеңгі жағдай бойынша Бірлік ауылдық округіне қарасты Ақмектеп ауылының маңындағы «Ульяновский-Керней-Қалкаман» жолының 105-ші шақырымын су басқан.

«Қар суы жолдың үстімен өткен. Тереңдігі – 5 см, ені 60 метрге жетті. Қазіргі уақытта жол қозғалысы ашық, елді мекендерге қауіп жоқ», — дейді ведомствоның баспасөз қызметінің маманы Марал Сағынаева.

Қазіргі уақытта оқиға орнында құрамында алты маман мен үш арнайы техника бар жол-құрылыс компаниясының мамандары кезекшілік атқарып жатыр.

Бүгінде куәгерлер әлеуметтік желілерге жолдың шайылып кетуі туралы видеолар жариялап жатыр. Жолда қиындық көрген азаматтар өзгелерге сапарға шығудан бас тартуға кеңес беруде.

Еске сала кетсек, бұған дейін дәл осы жол учаскесі су астында қалған. Қызыл су жолдың 30 метрін шайып кеткен болатын. Жол қозғалысы қиындап, қалпына келтіру жұмыстары 1,5 тәулік бойы жүргізілді.

Жаңажол ауылы мен Ескелді шатқалы арасындағы жолдағы су жарты шақырымға жайылып, көлік қозғалысын қиындатқан. Қызыл судың тереңдігі 30 сантимерге жеткен. Қазіргі таңда бұл учаскеде қозғалысқа шектеу қойылды. Бүгінде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

«Бұл жол арқылы көлік көп жүре қоймайды. Қарым-қатынас үзілген емес. Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. Алдағы уақытта жол учаскесін жөндеу бойынша жоба жүзеге асырылады», — деп хабарлаған болатын аудан әкімі Оразгелді Қайыргелдинов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде