jasqazaq.kz

Баян Мақсатқызы: Ол түрмеде көпті түсінді, онымен дос болып қалғым келеді

21 қазан 2016, 22:04

photo_30653

Баян Мақсатқызы өзінің шешімі туралы блогер Эльвира Ергалинаға айтып берді.

Бақытбек Есентаевтан соққы көрген белгілі продюсер дау-дамай мен негативте өмір сүргісі келмейтінін мәлімдеді. Айтуынша, бұрынғы күйеуі тергеу абақтысында көп жағдайды түсінген. Сонымен қатар, ол достарының, туыстарының тарапынан қысым болса да бұл шешімінің тек өзіне тиесілі екенін айтты. Ол өз шешімін бірден сынаған қоғамның пікірін ескермегенін мәлімдеді.

«Бұл менің ғаша шешімім. Себебі біздің балаларымыз бар, мен 22 жыл бойы осы адаммен өмір сүрдім, ол жақсы күйеу әрі әке бола білді, бұдан аттап өтіп кете алмадым, — деді Мақсатқызы Ергалинаның сұрағына жауап бере отырып. — Құдайдың өзі кешіреді, ал біз кімбіз сонша? Біз топырақтың түйіріндейміз. Кешіру — бұл адамның қарапайым шешімі».

Баянның айтуынша, мұндай шешімді қабылдау үшін оған 4 ай қажет болыпты. «Қоғам әрқашан көзқарасыңды қолдай бермейді. Біреу ақтап жатады, ал біреу сынайды. Бірақ ештеңе өзгермейді. Мен ешкімнің пікірімен санаспадым. (…) Өмір бойы үрейде өмір сүруге болады. Біз адам секілді сөйлестік, онымен дос ретінде қалғым келеді, себебі балаларымыз бар. Менің бұрынғы күйеуім абақтыда 4 ай болды, осы уақытта ол ісіне өкініп, бәрін түсінді. Түрмеде болу — ең қиыны», — деді продюсер.

Блогер Мақсатқызынан әйелдердің құқығын қорғау жөніндегі ұйым құру туралы ойын сұрады. Ергалина әйелдердің одан үлгі алғанын, ал қазір қоғамның одан көңілі қалғанын атап өтті. «Менен үлгі алғанын қаламаймын, не мінсіз біреу деп елеп, шек қойғанын қаламаймын. Мен де жүрегі, жаны, аяқ-қолы бар қарапайым адаммын. Әркім шешімін өзі жасайды, әр отбасының өз жазғаны бар. Менен үлгі алудың қажеті жоқ. Бірақ мен өз ойымды жүзеге асырамын, осы ұйымды құрамын», — деді Баян Мақсатқызы.

Сондай-ақ, Эльвира Ергалина  сұхбаттан алған әсерін айтып берді. Айтуынша, продюсер бірнеше келіге арықтапты. «Көңіл-күйі жақсы. Сұхбатқа бірден келісім берді, қатты өзгеріп кеткендей болды… Басқа адам. Баян осыған дейін 52 келі болса, қазір 49 келі болып қалғанын айтты. Ал ауруханадан шыққанда 42 келі болыпты, қазір өз-өзіне келіп жатыр. Күліп, емен-жарқын жүрді, жағдайы жақсы», — деді Ергалина.

tengrinews.kz

Бүгін, 18:31
Қызылорда: Швейцариялық Harvest Agro тұқым өңдеу зауытының бірінші кезеңін бастады
Бүгін, 16:07
В Туркестанской области в рамках программы «Ауыл - ел бесігі» реализовано 1 570 проектов
Бүгін, 15:54
Как будут реализовываться новые инвестиционные проекты в Туркестанской области?
Бүгін, 15:48
Языковая политика в Туркестане приносит свои плоды
Бүгін, 15:42
Галымжан Орынов: В Туркестане система образования вступила в новый этап
22 сәуiр, 15:52
В Туркестанской области строится мегаферма на 50 тыс голов
22 сәуiр, 15:49
Туркестан: В Ордабасинском районе реализовано более 120 проектов
22 сәуiр, 14:30
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: в столице проходит международная книжная выставка
21 сәуiр, 15:22
В Туркестанской области строится крупная солнечная электростанция мощностью 300 МВт