
Баян Есентаева денсаулығы мен бет-әлпетінің сұлулығын қалпына келтіру жолында аянып қалмайды. Ол өткен жылдың маусым айынан бастап әлемнің мықты деген дәрігерлерінің алдына барды. Бұл жолы Баян Мақсатқызы Қытай медицинасына жүгінуді жөн көріпті. Танымал продюсер дәрігер Юдың қабылдауына кіру үшін тез арада билет алып, Астанаға ұшып кеткен.
Ол желідегі парақшасына видео жариялап, инемен емдеу процедурасының қалай жүретінін көрсетті. “Ежелгі Қытай медицинасына сенемін”, – деп жазды Баян Есентаева. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.