jasqazaq.kz

«Баян барынша мәдениетті кейіп танытып отыр». Меруерт Түсіпбаева баяғы бейнежазба туралы түсінік берді

09 шiлде 2025, 12:21

Өткенде Меруерт Түсіпбаеваның Баян Алагөзованы сынаған бейнежазбасы тараған болатын. Ол әлеуметтік желіде тарап, сан-саққа жүгіртілді. Меруерт Түсіпбаева осы жәйтке қатысты түсінік берді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Әнші Инстаграмдағы парақшасында былай деп жазды:
«Кешеден бері видео хит болып жатыр. Телефоным толассыз қоңырауға толды. Бұл – ескі видео. Оны сөзсіз бір адам әдейі салғызды. Сұхбат 5-6 жыл бұрын берілген, ол кезде Баян мемлекеттің қаржысына сериал түсірген еді (Қозы Көрпеш — Баян сұлу туралы сериал — ред.). Алайда сериал жарамсыз деп танылып, Ұлттық арнадан алынып тасталған болатын». Меруерт Түсіпбаева кезінде атақты Тұңғышбай Жаманқұловтың өзі түсірілмей қалған фильмі үшін мемлекетке қаражатты қайтарғанын еске салады.
Әнші: «Халықтың ақшасына түсірілген сериал жарамсыз болса, ол қаражат бюджетке қайтарылуы тиіс. Сол кезде де осыны айтып едім. Алайда Баян мені сынап, жеке басыма тіл тигізді. Қазір барынша мәдениетті кейіп танытып отыр», – дейді.

Меруерт Түсіпбаева осы бейнежазбаның қайта таралуы өзіне қарсы жасалған ақпараттық шабуыл деп санайды.
Әлгі видеоның тек бір бөлігі қиылып берілгендіктен, көпшілік түсінбей жатқан көрінеді.

«Мемлекеттің ақшасы — ол біз төлеген салық. Сондықтан оның әр тиыны есепке алынуы тиіс. Бұл талап қай тұстан қате? Жарамсыз сериалға жұмсалған ақша жайлы айту – заңды талап», – дейді.

Меруерт Түсіпбаева бұл мәселеге байыппен қарауға шақырды. Бұл қасақана жасалып отырған манипуляция һәм ақпараттық шабуыл болуы мүмкін.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva)

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы