
Баян Есентаева ҚР Жоғарғы сотына бас бостандығынан айырылған экс-күйеуі Бақытбек Есентаевқа қатысты шыққан үкімді өзгерту туралы өтініш жазды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
«Сотталған Б.Т. Есентаевтың адвокатынан және жәбірленуші Б.М. Есентаевадан Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына кассациялық тәртіпте сот актілерін қайта қарау туралы өтініш келіп түсті», — делінген ресми жауапта.
Сонымен қатар талап етілген қылмыстық іс сотқа түскеннен кейін өтінішті алдын ала қарау күні белгілі болатыны айтылады.
Еске салайық, 10 маусымда Баян Мақсатқызы Талғар ауруханасына бассүйек ми жарақаты, пышақ жарақаты және мұрынның сынуы диагнозымен түскен болатын. Оны күйеуі Бақытбек Есентаев ұрып-соққан. Бұл оқиға Құлжа тасжолында болған. Ал өткен жылдың қарашасында Есентаев 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді.