jasqazaq.kz

Баян Алагөзова: Сандуғаш “Kesh You” қыздарынан кешірім сұрады

05 сәуiр 2023, 12:55


Отандық продюсер Баян Алагөзова түсірілім кезінде «Kesh You» тобының қыздарын қорлап, тіл тигізген адам туралы айтты. Продюсер бұл турал инстаграм желісінде бөлісті.

“Осыдан төрт ай бұрын «Kesh You» тобының қыздары ығайсыз жағдайға тап болды. Кезекті түсірілім барысында Сандуғаш есімді атқарушы продюсер көпшіліктің көзінше қыздарды балағаттаған. Мен топ мүшелерінің жайсыз жағдайда қалғаны жайлы, олардың реніші мен көз жасына ерік бергені туралы тек екі айдан кейін білдім. Тез арада заңгерге хабарласып, 1-2 күн ішінде ол әйелді сотқа бердік. Сот шешіміне сәйкес Сандуғаш өз ісіне өкініп, қыздардан кешірім сұрады”, – деп жазды Баян Алагөзова.

Продюсер бұл келеңсіз жәйтті не себепті көпшілікке айтып, сөз қылуының себебін түсіндірді.“Мұнымен не айтқысы келіп отыр?” деген ойлап отырған шығарсыздар. Болған жағдайдан кейін мен оның енді ешқашан өзгелерге тіл тигізбейтініне сенімдімін. Ал жазбаны осындай жағдайлар қоғамды бір-бірін сыйлауға үйретеді деген үмітпен жарияладым. Ешкімнің, ешқашан біреуді кемсітуге, қорлауға хақысы жоқ. Аладағы уақытта менің ар-намысым мен беделімді қорғау жөнінде сот болады”, – делінген жазбада.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі