jasqazaq.kz

Бауыржан Ибрагимов: «Бәріне пәтер, көліктерін әпердім»

09 маусым 2023, 12:48

Отандық бағдарламасына сұхбат берген Бауыржан Ибрагимов «Бауыржан шоу» театрының актерлері ақшадан тарыққан емес»,- деп жауап беріпті.
«Уақытысында жағдайларын жасадым. Бәріне пәтері, көліктерін әпердім. Мен актерлерге театрдан түскен табыстың 50 пайызын беріп отырдым. Өздері де мойындайды. Ондай жағдай ешқандай театрда болған жоқ. Олар айлық алған жоқ. Негізі актер гастрольдік сапарға шыққанда ғана жақсы табыс табады. Мысалы, Республика сарайында концерт қойсаң, сахнаның безендіруі, кәстөмдерге ақы төлейсің. “Айлығың 200 мың теңге. Істесең істе, істемесең бар” деп айта алмадым. Өйткені үйренісіп қалдық, серіктес болған соң бауырыңдай болып кетеді. Содан театрға түскен ақшаның жартысын соларға беретінмін», – дейді Бауыржан Ибрагимов.
Сондай-ақ ол өзінің әркез сұраныста болғанын, халықтың өзін іздейтінін айтты.
“Мен актерлерге ешқашан тыйым салмадым. Өздері халтура жасап, қойылым қоямын десе: “Деңгейді түсірмеңдер, барыңдар” деп ескертетінмін. Бірақ барған жердің бәрінде халық: “Бауыржан неге келмеді?” деп ренжиді екен. Ел мені іздейді. Ондай жағдай көп болды”, – дейді әзіл-сықақшы.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі