jasqazaq.kz

Бауыржан Байбек Алматыға кіру қашан ақылы болатынын хабарлады

07 желтоқсан 2016, 15:09

snimok

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қалаға кірудің қашан ақылы болатынын айтты.

«Ақылы кіру тек қоғамдық көлікке жағдай жасаған кезімізде мүмкін болады. Адамдардың басқа да мүмкіндіктері болуы керек. Тengrinews.kz хабарлағандай, мүмкіндігі болған кезде осы мәселені қолға аламыз. Бұл сондай процесс. Мәселен, Францияның Ренн қаласын алайық, 70-жылдары олар біз бүгін жасап жатқан істі істеген. Қаланың бірінші мэрі отставка кетті, себебі ол көліктерді алып тастап, автотұрақтар қоя бастады, үдеген сынға шыдай алмай, сөйтіп кетіп қалды. Ал бүгінде қаланың орталығы толықтай жаяу жүргіншілерге арналған. Тек автобустар жүреді, ал қалған жағы тек жаяуларға арналған. Яғни мұның барлығына қоғамдық сана дайын болуы керек, сондықтан қазір алматылықтардың санасымен жұмыс істеп жатырмыз», — деді Бауыржан Байбек.

«Біздің көшелеріміз кең, бірақ барлығы көліктерін қойып тастайды да, біз екі жолақтан айырыламыз. Сондықтан Желтоқсан көшесінің бойымен арнайы көлік жүргіздік, себебі біз қаланың жартысын эвакуациялай алмаймыз. Біз арнайы жолақ қойып, қоғамдық көлікке басымдық береміз, заңды сақтауға мәжбүр етеміз», — деді әкім.

Сонымен қатар, Байбек көшелердегі видеокамералардың санын арттыру қажет екенін айтты.

«Біздің қаламыз қауіпсіз. Бізде жалпы 76 мың видеокамера бар, бірақ бұл жеткіліксіз. Біз жергілікті бюджеттен тағы сегіз миллиард бөджік эәне ақылды жүйе құрып отырмыз. Полиция органдарындағы штаттарды көбейтудеміз. Субъектив факторларды алып тастаймыз. Өткен жылы материалдық-техникалық қамтуды екі есе арттырдық. Яғни басқарудың заманауи әдістерін қолданып жатырмыз, технологияларды қолданып жатырмыз, мұның барлығы қалалықтардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін жасалып отыр», — деді Бауыржан Байбек Алматы қаласының инвестициялық климатын жақсарту және инвесторларды тарту бойынша Кеңестің отырысында.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі