jasqazaq.kz

Батыс өңірінде қар суы бір ауылды қатынассыз қалдырды

26 наурыз 2024, 13:44

Батыс Қазақстан облысында жолды қар суы шайып, бір ауыл қатынассыз қалды. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 25 наурыз күні сағат 23.00-де Теректі ауданы аумағында Шалқар ауылдық округі орталығы Сарыөмір ауылынан 7 шақырым жерде болды.

Қардың көп еруінен аудандық маңызы бар Сарыөмір-Дуана автожолының 2 ойпатты учаскесін су шайып кеткен. Осыған байланысты көлік қозғалысы тоқтатылды. Дуана ауылымен көлік байланысы жоқ.

«Елді мекендерге қауіп жоқ. Өңірде тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелген жоқ. Тәулігіне 33 604 текше метр қар суы сорылды. Оған 519 адам жұмылдырылып, 199 техника, 87 мотопомпа тартылды. Облыс бойынша қауіпті тұстарға барлығы 2 840 дана қап салынса, соның 2 мыңы Орал қаласы, 500-і Қаратөбе, 300-і Сырым, 40-ы Теректі ауданының үлесіне тиеді», — деп хабарлады ведомстводан.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі