jasqazaq.kz

Батыс Қазақстанда жауған қар қызғалдақты басып қалды (Видео)

10 сәуiр 2025, 11:45


Батыс Қазақстан облысында «бесқонақ» келісімен күн жауын-шашынды болып тұр.

Алдымен 8 сәуір күні жаңбыр жауса, 10-ына қараған түні қарға ұласты.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, облыстың оңтүстік аудандарында қар даланы басып қалған.
inform.kz хабарлағандай, Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылдық округінің тұрғыны Жақсылық Молдашевтің айтуынша, қар 10 сәуір күні таңғы сағат 04.00 шамасында басталып, 8-дерде ашылған.

— Қар далада өсіп тұрған қызғалдақты басып қалды. Енді үсіп кетеді-ау деп алаңдап тұрмыз. Малды да қамап жатырмыз, — дейді Қарой қыстағында тұратын Ж.Молдашев.

Облыс орталығы Орал қаласында да таңнан бастап қар жауды. Жерге түскен қар еріп жатыр.

Бұдан бұрын «Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялаған болатын. Онда 10 сәуір күні түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 3 градус үсік соғуы мүмкін екендігі хабарланды. Сондай-ақ жаңбыр мен қар жауғандықтан, оның соңы көктайғаққа ұласуы ықтимал.

— Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылында да түнде қар жауды. Қазір еріп жатыр. Жалпы, 8 сәуірде кіретін бесқонақтың жауын-шашынды болғаны – жақсы ырым. Өйткені көктем мен жазда жаңбыр жаумаса, шөп дұрыс өспейді, көктегені ерте қурап кетеді. Әсіресе, мал ұстаған ағайынға қиын. Соңғы жылдары өңіріміздің қуаңшылыққа ұшырап жүргені жасырын емес. Сондықтан жаңбыр жауа түссе екен деп отыр елдегі ағайын, — деді Хан ордасы ауылының тұрғыны Бақытқаным Мизамбаева.

 

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды