jasqazaq.kz

Батыс Қазақстан облысында 430-дан астам үйге су кірген (Видео)

28 наурыз 2024, 13:33

Батыс Қазақстан облысында қардың күрт еріп, жауын-шашынның көп түсуінен 432 тұрғын үйдің ішіне су кірген.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, әсіресе, Сырым және Қаратөбе аудандарында жағдай күрделі.

Сырым ауданында Өлеңті өзенінің тасуынан Өлеңті, Жымпиты, Бұлдырты ауылдарында тұрғын үйлерді су басты. Сонымен қатар 5 елді мекенде электр желісінде болған авариялық ажырату салдарынан ұялы байланыс та болмады. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған үш ауылда үйін су басқандар туған-туыстарының үйіне орналасты. Жағдайды тұрақтандыру мақсатында Алматы қаласынан 50 әскери келіп, суды тежеу және адамдарды қауіпсіз жерге көшіру үшін жұмылдырылды.

«Қаратөбе ауданында Жақсыбай өзені жағадан шығып, Қоржын ауылының тұрғын үйлерін су басқаны белгілі. Бастапқыда тұрғындар ауылдағы мектепке орналастырылған болатын. Қазіргі кезде Ақтөбеден келген 2 тікұшақпен су қоршауында қалған Қоржын ауылынан адамдар қауіпсіз жерге оқшауландырылып жатыр», — деп хабарлады ведомстводан.

«AMANAT» партиясы БҚО филиалының баспасөз қызметі «Жастар рухы» еріктілерінің Қаратөбе ауданы Қоржын ауылы тұрғындарына азық-түлікпен шығатынын, сондай-ақ облыстық және қалалық мәслихат депутаттары материалдық көмек ұйымдастырып жатқанын жеткізді. Облыстық, аудандық филиал өкілдері бір күндік жалақыларын аударуда.

inform.kz

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі