jasqazaq.kz

Батыс Қазақстан облысында 18 жолды тасқын су шайып кетті (Видео)

28 наурыз 2024, 14:09

Батыс Қазақстан облысында бүгінге дейін 28 бағыттағы жол жабылса, соның 18-ін су шайып кеткен. Оның 4-еуі – облыстық, 14-і – жергілікті маңызы бар жол.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен стационарлық бекеттер орнатылды.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы Қобда ауданында трассаны су басуына байланысты Самара-Шымкент жолы Теректі ауданы Жаңаөмір ауылынан Ақтөбе облысына дейін жабық.

«Облыста су тасқынына қарсы жедел штаб құрамына полиция қызметкерлері де енгізілді. Тәртіп сақшылары су басқан жерлерде тұрғындарға қол ұшын созуда. Әсіресе, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Бөрлі аудандарында адамдарды құтқару, эвакуациялау және оларды арнайы қосындарға жеткізу, суда қалған малдарды алып шығу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ полиция қызметкерлері эвакуацияланған елді мекендердегі азаматтардың мүлкін қорғау үшін тәуліктік кезекшіліктер орнатып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісін атқаруда. Жергілікті әкімдіктер, полиция және төтенше жағдайлар органдары су басқан нысандарды сорып алу және адамдарды құтқару бойынша жан-жақты шара қолдануда. Жалпы, су тасқынынан қорғау жұмыстарына облыс бойынша 64 полиция қызметкері, 33 техника жұмылдырылды», — деп хабарлады ведомстводан.

inform.kz

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі