jasqazaq.kz

Лаңкестер Ислам мемлекетінің ақпаратын негізге алып отырған

15 қыркүйек 2016, 19:22

Батыс Қазақстан облысында ұсталған радикалдар интернеттегі ДАИШ (Ислам мемлекеті) халықаралық террористік ұйымының ақпараттарын негізге алып отырған.

20160905181048-700x466

Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына берген жауабында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Батыс Қазақстан облысында ұсталған радикалдар өздерінің қылмыстық пиғылдарында интернеттегі ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) халықаралық террористік ұйымының ақпараттарын негізге алып отырған. Лаңкестік қызметті атқару үшін шетелден қаржы жіберілгендігі және өзге де көздерден қаражат болғаны туралы ақпарат анықталған жоқ», — делінген комитеттің берген жауабында.

Сонымен қатар, хабарланғанындай, оларда діни және рухани көшбасшы болмаған. «Ұлттық қауіпсіздік органдары тамыз айында БҚО-да ұсталған радикалдар халықаралық лаңкестік ұйымдармен байланысы туралы ақпаратқа иелік етпейді. Лаңкестік үшін қажетті қаруды олар оқ-дәрі сақтау орындарына шабуыл жасау арқылы алуды жоспарлаған», — деп атап өтті ведомстводан.

Айта  кетейік, бұның алдында, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 12-30 тамыз аралығында Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары аумағында үш радикалды топтың іс-әрекеттеріне тосқауыл қойғанын хабарлады.

Батыс Қазақстан облысының 10 тұрғыны және Ақтөбе облысының 11 тұрғыны қамауға алынды.

365info.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде