jasqazaq.kz

Батырбек Тұрғанбекұлы: Ұлттың бүгіні мен келешегі – белсенді жастардың қолында

22 мамыр 2023, 15:55

Елімізді дамытатын, алға сүйрейтін күш — жастар. Жастардың сапалы білім алып, білікті маман атанып, өмірден өз орнын табуда мемлекет тарапынан серпінді бағдарламалар жасалуда.

Түркістан өңірінде белсенді де, білімді жастар қатары көбейіп келеді. Облыстағы Жастар ресурстық орталықтары жұмысын жемісті түрде жүргізіп келеді. Сондай орталықтың бірі — Шардара аудандық Жастар ресурстық орталығы. Біз орталық басшысы Батырбек Тұрғанбекұлын әңгімеге тартып, орталықтың жұмысы туралы әңгімелеп беруін өтіндік.

— Батырбек Тұрғанбекұлы, аудан жастарының көшбасшысы ретінде айтыңызшы, Шардара ауданы жастарының жастар саясатын жүзеге асырудағы белсенділігі қандай?. Орталықтың негізгі қызметі жайында да айтып өтсеңіз?

— Біздің ресурстық орталық жастардың қажеттіліктері мен мүдделері негізінде жастарға арналған әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Сонымен қатар денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен бірлесіп, репродуктивтік денсаулықты сақтау және отбасын жоспарлау, ойынқұмарлықтың (лудоманияның) қауіптілігі мәселелері бойынша жастармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын, консультативтік жұмысты жүзеге асырады. Сонымен бірге, орталық жастар еңбек жасақтарының жұмысын ұйымдастырады. Жоғарыда көрсетілген функциялар, олардың әрқайсысының шеңберінде мақсатты топтың қажеттілігін бағалау, жастарды жоспарлау мен бағалауға тарту, консультациялық сүйемелдеу, тренингтер өткізу, жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру, жастардың бастамаларын қолдау арқылы жүзеге асырылады.

— Аудан жастары волонтерлікпен, қайырымдылықпен айналысатын болар? Осы бағытта қандай шаралар ұйымдастырылады?

— Әрине, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, волонтерлықты дамыту бағытында көптеген іс-шара ұйымдастырылады.
Айталық, биыл ауданның белсенді жастары Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай, жастардың бойында патриоттық сезімді дамыту мақсатында Шардара қаласы, Жаушықұм, Көксу, Қоссейіт, Достық, Қ.Тұрысбеков, Ұзын-ата, Алатау батыр ауылдық округтерінің волонтер жастары ауған соғысы ардагерлерінің үйлеріне барып құттықтап, үй-шаруашылығына көмек көрсетіп қайтты.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген ұранмен Ұзын-ата ауылдық округінің волонтер жастары көмекке мұқтаж қарияларға қолғабыс көрсету мақсатында 8 мүмкіндігі шектеулі қарт-тардың үйіне барып, тазалық және шаруашылық жұмыстарын атқарды.
Жастар назарын экология мәселесіне аударту арқылы экологиялық мәдениетке тәрбиелеу және эко-еріктілікті насихаттау мақсатында аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында Шардара — Абай тас жолының бойында «Табиғатты аялайық» тақырыбында барлық қала, ауылдық округтерде аудан тұрғындары мен жастардың қатысуымен 30 сенбілік ұйымдастырылды.
«Бір тал кессең, он тал ек» ұранымен туған жерді көркейту, жасыл желекке бөлеу мақсатында Ұзын Ата ауылдық округі мен Шардара қаласында 4 рет ағаш отырғызу акциясы жүргізілді.

Жалпы аудандық Жастар ресурстық орталығы жанында 3 волонтерлік топ жұмыс істейді. Олар — Шардара қаласы №16 колледж студенттерінен құрылған «Еріктілер» тобы, Шардара ауданы Ұзын Ата ауылдық округінің ерікті жастарынан құрылған «Жас жалын» тобы және Жастар ресурстық орталығының еріктілерінен құрылған «Нұр» тобы. Бұл көрсетілген еріктілер топтары қайырымдылыққа, аудан аумағында жүргізілетін тазалық жұмыстарына, жалғыз ілікті және ардагерлер үйіне тұрмыстық шаруашылық жұмыстарына белсене араласады.

— Жастардың жұмыспен қамтылуы, уақытын тиімді өткізуі жағынан қандай шаралар қолға алынды?

— Жастар арасында жұмыссыздықты азайту мақсатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылатын шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 2,5 пайыздық несие жөнінде, сонымен қатар «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Алғашқы жұмыс орны, «Қоғамдық жұмыс», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Бастау-Бизнес», «Серпін» мемлекеттік бағдарламалары бойынша 23 ақпан мен 21 мамыр күндер аралығына барлық қала, ауыл округтерде 42 рет ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үн-парақшалар таратылды. Соның нәтижесінде «Әлеуметтік жұмыс орнына» — 191 жас, «Жастар практикасына» – 152 жас, «Алғашқы жұмыс орнына» – 47 жас қамтылуда. Мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында Жастар ресурстық орталығының әлеуметтік парақшасынан Халықты жұмыспен қамту орталығы маманымен тікелей эфир ұйымдастырылды.
Елімізде жастарға арналған жеңілдетілген несие беріліп бастағаны белгілі. 5 жыл мерзімге жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайыз болатын несиені жасы 21-ден 35-ке дейінгі азаматтар ала алады. Тек жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Осы мақсатта Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласов қала, ауылдық округтердегі несиені алуға ниеттенген және NEET санатындағы жастармен кездесу өткізді. Кездесуге аудандық Жұмыспен қамту орталығының маманы Рсалы Естай қатысып, қажетті құжаттарды жинау бойынша толыққанды мәліметтер берді.

Аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиевтің төрағалығымен аудандық «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлерімен кезекті отырыс өткізілді. Шара барысында орталықтың алдағы уақытта іске асырылатын жобалары талқыланды, сонымен қатар, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың насихатталуы және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу бойынша жұмыстар сараланып, тапсырмалар берілді.
Айта кетсек жұмыссыз жастар мен студент жастардың жазғы демалыс уақытында «Жасыл ел» бағдараламасы бойынша маусымдық жұмыстарына 60 жасты қамту жоспарлануда.

— Аудан жастары мемлекеттік бағдарламалармен таныс па? Бос уақыттарын қалай өткізеді?

— Жастар арасында жұмыссыздыктың алдын алу және NЕЕТ санатындағы жастарға ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу мен қолдау көрсету мақсатында аудандык «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 2,5 пайыздық несие туралы, сонымен қатар, «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Алғашқы бос жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыс», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Бастау-Бизнес», «Серпін», «Болашақ» мемлекеттік бағдарламаларымен таныстырып, түсіндіру мақстаныда «Ашық есік» күні өткізілді.
Мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында Халықты жұмыспен қамту орталығы маманымен Жастар ресурстық орталығының әлеуметтік парақшасынан тікелей эфир ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда жастар кәсіпкерлігіне арналған 2,5 пайыздық шағын несие 26 азаматқа беру жоспарланып, 80 аса азамат өтініш білдіріп, 29 нақтыланды. Оның ішінде бүгінгі күнге 16 азаматтың құжаттары реттеліп, несие беретін ұйымға өткізілді. Қалған азаматтар құжаттарын толықтырып жатыр.
Оқушылардың өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдауға баулу, мақсат қоя білуге икемділіктерін қалыптастыру, оларға кәсіби бағыт-бағдар беруді насихаттау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау мақсатында 6 ақпан мен 5 сәуір күндері аралығында М.Әуезов, №12 жалпы орта мектебі, Шардара мектеп-лицейі, Б.Соқпақбаев, Қ.Аманжолов, А.Иманов, С.Құрманғазы, Достық, Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектептерінде «Келешектің келбеті жастар», «Мамандығым — мақтанышым» тақырыптарында тоғыз кездесу өткізілді.

Ал «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстандағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарына білім алуға шақыру, жоғары сынып оқушылары арасында мамандық таңдауға кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында 20 наурыз бен 24 сәуір күні аралығында «Мамандық таңдау — маңызды іс» тақырыбында Ш.Уәлиханов, Т.Тәжібаев, Ақалтын, Достық, Сырдария, Қазақстан, Қоссейіт, Достық, С.Каттабеков, атындағы жалпы орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен он кездесу өткізілді.

— Сіздің ойыңызша, заманауи жастар қандай болуы керек?

— Ертеңді болжау үшін алдымен бүгінгі күнге мән беру керек. Қазіргі жастар немен айналысады? Қазіргі заманауи жастар қандай болу керек? Мұндай сұрақтар болашақпен тікелей байланысты деп білеміз. Қазіргі таңда жастар өзінде барды бағалай алып, өзінде жоқты жамай алуы қажет. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Бәсекеге қабілетті – кәсіби мамандықтармен айналысып, жаппай еңбектеніп жүрген жастарымыз қаншама. Сондықтан жастарды «Болашақта кім боламын? Немен айналысамын?» деген сұрақтар толғандыруы қалыпты да қажетті жағдай. Жастар ресурстық орталығы өз қызметін осы бағытта жүргізеді.

— Жастар саясатын дамыту үшін жас өркеннің санасына рухани құндылықтарды сіңіру керек деген пікірмен келісесіз бе?

— Әрине, жастар қай қоғамда да құны кемімейтін мейірімділік, әділдік, шыдамдылық секілді адами құндылықтарды басты орынға қойса, нұр үстіне нұр болар еді. Ұлттың бүгіні мен келешегі – белсенді жастардың қолында дейтін болсақ, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ ғана ел болашағын қалыптастыра алады. Жастар салауатты өмір салтын ұстанып, мемлекеттің индустриялық-инновациялық дамуына өз үлесін қосса, қоғамға пайдасын тигізіп, сапалы, терең білім алуды басты міндетіне айналдырса, онда келешегіміз кемел болары сөзсіз. Өз күш-жігерлері мен алған білімдерін еліміздің өркендеуіне жұмсайтын жастары бар зайырлы қоғам мақсатты межеге жетері анық.

Мақпал Ноғайбаева,
Түркістан облысы

13 мамыр, 15:04
Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді
13 мамыр, 12:58
Туркестан: Борьба с саранчой продолжается
12 мамыр, 15:00
Аким Туркестанской области встретился с президентом компании "Magister Art" Ренато Сапорито
12 мамыр, 14:38
Туркестан: Ведется масштабная работа по улучшению дорожной инфраструктуры
12 мамыр, 14:30
Туркестан: Социальные объекты - на благо населения
12 мамыр, 14:16
Туркестан: В Жетысайском районе завершаются работы по восстановлению вертикального дренажа
12 мамыр, 14:14
Туркестан: В Тюлькубасе прошел республиканский конкурс молодежного творчества
08 мамыр, 14:51
4 завода по переработке водосберегающих технологий расположены в Туркестанской области
07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті