jasqazaq.kz

Батыр атындағы турнир басталды

12 қараша 2024, 19:00

Бүгін Астанада С.Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледждің базасында тұңғыш рет студент қыздар арасында волейболдан турнир өз жалауын көтерді. Жарыс Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы С.Нұрмағамбетовтің 100 жылдығы құрметіне ұйымдастырылып отыр.

Ондағы мақсат – ер есімін ардақтау және өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу болып табылады. Жарысқа Астана қаласында орналасқан 13 колледждің командалары қатысып, өзара бақ сынауда.
Турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі Бақылау кеңесінің мүшесі, «ҚР Қарулы Күштерінің ардагелері» РҚБ төрағасының орынбасары, генерал-майор Марат Нағұманов жастарға тарихи жадыны сақтаудың қаншалықты маңызды екенін айтып берді.


«Мен қазақ қыздарына қайран қалам» деп ақын жырлағандай қазақ қыздары ежелгі заманнан бері елді ер-азаматтармен бірдей қорғап келеді. Оған Әлия, Мәншүк, Хиуаз сияқты батыр қыздарымыздың кешегі майдан даласындағы жанқиярлық ерліктері дәлел бола алады. Сол қаһарман арулардың ізін басқан сіңлілері бүгінде жанына спортты серік етіп, сергектік танытуда»,- дей келе, Марат Сералыұлы жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.


Дүбірлі дода қарашаның он төртіне дейін созылып, сол күні жеңімпаздар анықталатын болады.

Абзал Ибрагим

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі