jasqazaq.kz

«Баталовпен болдың ба?» Бишімбаев Нүкеновадан бір нәрсені 175 рет сұраған

02 мамыр 2024, 15:35

Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкеновадан бір нәрсені 175 рет сұраған.

Бұл туралы Нүкенованың отбасының адвокаты айтты.

«Сот процесіне дайындалу барысында Нүкенованың телефонындағы видеоларды сараптадым. 9 қарашаға қараған түнді еске алсақ, түсірілген видеоларда айыпталушының кінәсін анық көрсететін дәлелдер бар. Онда Бишімбаев 20 минутта 175 рет «Айтшы, сен Райымбек Баталовпен бірге болдың ба (төсек қатынасы)?» рет сұраған», — дейді адвокат.

Еске салайық, бұған дейін кәсіпкер Райымбек Баталовтың әйелі Ленара Баталова Бишімбаев ісіне қатысты пікір білдірді.

1 сәуірде өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова белгілі кәсіпкердің көңілдесі болғанын мәлімдеген болатын. Ол кәсіпкер нақты кім екенін айтпаса да есімі Райымбек екенін атап өткен болатын. Көптеген дереккөз бұл кәсіпкер Райымбек Баталов екенін жазған болатын. Артынша Желі қолданушылары Баталовтың әйелі Ленара Баталованың парақшасына шабуыл жасап, күйеуі туралы пікір жаза бастаған болатын.

Артынша Райымбек Баталов өзіне қатысты айыптаулардан кейін жауап беруді ұйғарған. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. Оның сөзінше, бұл сотқа қатысты аяғына дейін пікір білдіргісі келмеген. Алайда айтылып жатқан сұмдық ақпараттардан кейін мәлімдеме жасауға бел буған. Ол өз тарапына қатысты айтылған ақпараттың бәрі бос сандырақ, өтірік екенін жеткізді.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі