jasqazaq.kz

Басына оқ атты: Маңғыстауда сарбаздың өлімінен кейін әскери прокуратура іс қозғады

08 қыркүйек 2024, 18:17

Бас әскери прокуратура Маңғыстауда сарбаздың өлімінен  іс қозғап, тергеу бастады.

Бас әскери прокуратура:

«2024 жылғы 7 қыркүйекте сағат 17:10 шамасында Ақтаудағы ҚР ҚМ әскери бөлімдерінің бірінің взвод командирі «Оймаша» полигонының аумағында ПМ табельдік тапаншасынан қатардағы Б-ға оқ атып, сарбаз қайтыс болды. Сол күні Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (ҚК 99-бабының 1-бөлігі)».

Тергеу органы күдіктіні ҚПК-нің 128-бабы тәртібімен ұстады және Ақтау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Қажетті кешенді тергеу амалдары жүргізілуде, қылмыстың себептері мен өзге де мән-жайлар анықталуда. Іс бойынша процестік прокурор тағайындалды. Тергеу барысы Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауына алынды. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа мәлімет жарияланбайды, — делінген хабарламада.

Еске салсақ,  бетіне оқ тиіп қаза тапқан сарбаздың әкесі бұл істің жан-жақты текерілуін талап еткен болатын.

JQ-Aqparat

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі