jasqazaq.kz

Басшы — төртеу. Қосшы — біреу

05 ақпан 2024, 13:06

Мемлекеттік мекемелерде бастық көп. Көптігі сонша, қара жұмысты атқаратын қызметкер жетіспейді.

Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов осындай келеңсіз дерек келтірді. Атап айтқанда, экология және табиғи ресурстар министрлігі орталық аппаратының штатында 122 адам бар. Оның тең жартысы, яғни 61-і жетекші санатта. Ал министрліктің бір департаментінде, тіпті 4 бастыққа небәрі бір орындаушы. Яғни, мұнда директор, директордың орынбасары, екі басқарма бастығы және бас маман бар.

Сарапшылар мұндай ақпараттың алдағы сәрсенбіде өтетін Үкіметтің кеңейтілген жиыны қарсаңында жариялануын мемлекеттік мекемелердегі «қажетсіз дөкейлердің санын азайтуы мүмкін» дейтін болжамды алға тартуда.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі