jasqazaq.kz

Бастығын өлтіруді 4 ай жоспарлаған: Көкшетауда күдікті із жасыру үшін мәйітті бір күн бойы көлігіне салып жүрген

21 мамыр 2025, 9:37

Сурет: Видеодан кадр

Көкшетауда әріптесінің қолынан қаза тапқан Жанболат Кенжахметовтың туыстары қанды қылмыстың жай-жапсарын айтты. 41 жастағы марқұм он күн бұрын із-түзсіз жоғалып, зорлық-зомбылық белгілерімен өлі табылған. Күдікті бастығын өлтіруді төрт ай жоспарлаған екен,  деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Халида Игелдиева, марқұмның анасы: — Алдында аңдып жүргені де содан, қолайлы сәт іздеп жүрген. Неше айдан бері ойластырып. Жалғыз өзі істеген жоқ. Немесе басқа біреулерді апарып, дайындап қойды. Лудоман болған деді.

23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай, осы қылмысқа баруы мүмкін дейді қара жамылған ана. 8-мамыр күні түскі сағат үште қаза болған Жанболат Кенжеахметов күдіктінің көлігіне отырыпты. Көше мен тұрғын үйлердегі бейнебақылау камералары арқылы қылмыскердің ер адамды гаражға апарып өлтіргені анықталған. Сосын із жасыру үшін мәйітті бір күн бойы көлігінің салонына салып жүрген.

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы