jasqazaq.kz

Бассейнге Дмитрий Баландиннің есімі берілді

12 тамыз 2016, 12:37

20160812104749

Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы басcейнге Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің есімі беріліп отыр. Бұл шешімге жергілікті жастар бастамашылық танытып отыр, – деп хабарлады 24.kz телеарнасы.

Белсенділердің бірінің айтуынша, бұл қала жастарының спорттың осы түріне деген қызығушылығын арттыратын болады.

Ақкөл бассейнінің ұзындығы 25 метр, ені 8,5 метр. Мұнда күніне 100 адам келеді. Бір жарым жылдың ішінде 600 бала суда жүзуді үйренді. Оның ішінде 30 бала бүгіндері республикалық чемпионатта облыстың намысын қорғауда.

«Біз балаларды жарыстарға дайындаймыз. Осында үш жыл бойы дайындалып жатқан балалар бар. Ең мықты ондыққа кірдік. Біз олардың дұрыс тәрбиелеуге тырысамыз, олардан чемпион шығатынына сенімдіміз», –  дейді жатықтырушы Сергей Девятко.

Дмитрий Баландиннің жеңісіне қуанғандардың бірі – 10 жастағы Даниил Анушкевич. Жас суда жүзуші брасс және кроль әдісін меңгеруде. Келешекте ол да маңызды бірнеше медаль алатынына сенімді.

«Мен бассейн ашылған күннен бастап, осында келіп жаттығамын. Жеңіс мені қанаттандырып, мен де Олимпиада чемпионы болғым келеді. Спорттың бұл түрі маған қатты ұнайды», – дейді Д.Анушкевич.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде