jasqazaq.kz

«Жақын адамдардың тірлігі болуы мүмкін». Бейбіт Қорған «некесіз бала» туралы әңгімеге нүкте қойды (Видео)

24 ақпан 2025, 14:14

Атырау тұрғыны Нұргүл Зиханова осыдан бес жыл бұрын Бейбіт Қорғанмен көңіл жарастырғанын жария еткен еді. Ол 4 жасар баласын әншіден туып алғанын жалпақ жұртқа жайып салған. Бейбіт Қорған жуырда «Сырласу» бағдарламасында сұхбат беріп, осы оқиғаға қатысты түсінік берді.

“Жас күнімізде жүрмеген жеріміз жоқ. Шынымен де менің балам ба деген ойдың болғанын мойындаймын. Өзіме сенімсіз болдым. Бірақ мен ДНҚ тапсырып, теріс нәтижесін көрдім. Оны жекеменшік орталықта тапсырмадым. Кәдімгі мемлекеттік зертхана орталығында тапсырдым. Халық та көзі анық жетпей, шулап кетті. Егер ол менің балам болса, көмектесіп, қамқорлығыма алатын едім. Тегімді беремін. Бірақ олай болмай шықты. Өнерде жүрген достарымның біразы теріс айналды. Тіпті баланың әкесі мен емес,  басқа әнші дегенді де естідім. Соны көздепті. Ол туралы айтпай-ақ қояйын. Жау алыстан келмейді. Мені танитын жақын адамдардың тірлігі болуы мүмкін”, – деді әнші.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі