jasqazaq.kz

Бас прокуроратураның арнайы тобы Әлия Қожабекованың шағымын тексеру үшін Жамбыл облысына барды

25 сәуiр 2025, 13:45

Жуырда Жамбыл облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаменті қызметкері Әлия Қожабекованың бейнежазбасы тараған болатын, деп хабарлайды jasqazaq.kz. Ол қылмыстық істердің бірыңғай тізілімі базасынан кейбір деректердің заңсыз түрде өшірілетінін жайып салды.

Бұдан кейін Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті ол келтірген деректердің расталмағанын мәлімдеді. Алайда Әлия Қожабекова комитеттің бұл қорытындысымен келіспейтінінін айтып, тағы да бейнежазба жариялады.

Бүгін Бас прокуратура осыған орай хабарлама таратты. Онда: «Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша айтылған уәждерді тексеру үшін Жамбыл облысына Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері, сондай-ақ Комитет төрағасының орынбасары кіретін жұмыс тобы жіберілді», — делінген.

JQ-Aqparat

Сурет: видеодан скрнишот 

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі