jasqazaq.kz

Бас прокурор: Тайжанов нағыз қылмыскер, алаяқ, және арамтамақ!

13 қазан 2016, 21:54

5b454f4801a8db3009bb534efea06a4e_resize_w_520_h_

Қылмыскер, алаяқ, арамтамақ! Бүгін еліміздің Бас прокуроры астаналық үлескерлердің ақшасын жымқырып шетел асқан экс-депутат Ерғанат Тайжановты осылай деп атады. «Азбука Жилья» компаниясының қашқын басшысы Жақып Асановтың ашуын тудырса керек, бас прокурор келісім-шарттың жоқтығына қарамастан Тайжановты Австриядан экстрадициялау үшін барын салып жатыр екен.

Әзірге алаяқ кәсіпкердің барлық дүние мүлкіне тыйым салынған. Экс-депутат осы уақыт ішінде үлескерлерден ұрлаған ақшасына 20-ға жуық қымбат көлік, шаруа қожалықтары, жер телімдері мен тіпті Түркиядан бес жұлдызды қонақ үйге дейін сатып алып үлгеріпті. Құны 15 миллиард теңгеге бағаланған осы қымбат мүлікті енді Үкімет сатып, «Азбука жильяның» тұралап қалған құрылыстарын аяқтауды жоспарлап отыр. Ерғанат Тайжанов Елордада 9 бірдей тұрғын үй кешенін тұрғызу үшін 4 мыңнан астам үлескерден 14 миллиард теңге жинап алып Австрияға тайып тұрған болатын. Тайжановтың сыбайластары ізідестіріліп жатқанын айтқан Бас прокурор «Азбука жильяның» басшысын қымсынбастан сөкті.

Жақып Асанов, ҚР Бас прокуроры:

-Ол барып тұрған қылмыскер, алаяқ, арамтамақ! Үлескерлерден ұрлаған ақшаға Австрияда шалқып өмір сүрген. Бірақ, ұсталып, сол жақта бес айдан бері үй қамақта отыр. Ондай адамдар Австрия сияқты демократиялы елде өмір сүрмеуі керек. Қайтарамыз.

ktk.kz

Бүгін, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі