jasqazaq.kz

Бас прокурор ұрылардың полицейлерді мазақ қылып жүргенін айтты

27 наурыз 2017, 23:22

Бүгін елімізде ұрлық-қарлықтың тым көбейгенін айтқан Бас прокурор, жеңіл пайданы көздеген қаскөйлер көп жағдайда айласын асырып кететінін мойындады. Ал пәтер мен көлік тонап, қалтадағыны қағып әкетуге әбден машықтанғандармен күресуге тәртіп сақшыларының шамасы жетпей жатыр екен.

Жақып Асанов, ҚР Бас прокурор:

-Атырауда бір тұрғын үйлердің бірінде 2016 жылы 21 рет ұрлық болыпты. 21 рет! Ал, сол үйдің бірінші қабатында полиция бөлімшесі орналасқан екен. Бұл мазақ емей немене? Бұлар бізді басынайын деді! Оларға қарсы соғыс жариялау керек.

ktk.kz хабарлағандай, ұрылар әсіресе, тапа-тал түсте пәтер, түнде көлік тонауды әдетке айналдырған. Көбіне адам қарасы көп базарларды торуылдайды. Тіпті, мұнда сұғанақтарды күзетшілердің өзі әдейі кіргізеді екен. Ал, қолды болған алтын, басқа да әшекей бұйымдар мен ұялы телефонның барлығы ломбардқа өткізіледі. Сондықтан бұл жерлерге бақылауды күшейту ұсынылып отыр. Яғни, ломбард қызметкері бағалы затты қалдырған адамның аты жөнін ғана жазып алмай суретке де түсіруге міндеттелуі мүмкін. Жалпы, сұғанақтар елімізге соңғы 5 жыл ішінде 70 миллиард теңгеге жуық шығын келтіріпті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде