jasqazaq.kz

Бас прокурор: Ломбард ұрланған затты сатып алатын жерге айналды

27 наурыз 2017, 17:33

ҚР бас прокуроры Жақып Асанов еліміздегі ломбардтардың жұмысына қатысты пікір білдірді. «Үкіметте мынадай бір мәселені көтерейік, яғни мемлекеттік саясатты жетілдіретін және оның қалыптасуымен айналысатын уәкілетті органды анықтайық.

Құрметті депутаттар, сіздер бүгінде еліміздегі ломбардтардың ұрланған заттарды сатып алатын заңды құрылымға айналғанын түсініп отырған шығарсыздар. Ломбардтардың қызметіне қатысты ешқандай да заңнамалық талаптар жоқ. Бүкіл әлемде, көптеген мемлекеттке олардың қызметіне қатысты талаптар қойылған. Біз оларды барлық міндеттен босатып отырмыз», — деді Бас прокурор Координациялық кеңес отырысы барсысында. Сондай-ақ, Жақып Асанов ломбардқа келушілердің өздері жайлы жеке мәліметтерді қалдырып кету керектігін айтып өтті. «Біз тек бір талап қоямыз. Ломбардқа бағалы затын тапсырған әр адам өзінің аты-жөнін көрсетуі керек. Сондай-ақ, оны суретке түсіру керек. Онда камералар бар шығар», — деді Асанов. Tengrinews.kz хабарлағандай, Бас прокуратура мен ІІМ өкілдерінің 2016 жылдың қазан айында ұрлық жағдайларын тоқтату үшін «Ұрлыққа жол жоқ!» жобасының қосылғаны айтылады. Жоба аясында видеобақылау камералары жүйесін кеңейту жоспарланып отыр. Отырыс барысында тұрғын үйлерінде видеобақылау жүйесі жұмыс істеп тұрған тұрғындардың ай сайын 150 теңге төлеп тұратыны айтылды. Ал ұялы телефондарды ұрлау жағдайларын азайту мақсатында Аустралияның тәжірибесін енгізу ұсынылды. Онда 2002 жылдан бері мобилдьдік операторлар ұрланған аппараттардың IMEI-кодтарының тізімін жасап, оларды бұғаттай бастаған. Сондай-ақ, отырыс барысында елімізде 25 жылдың ішінде 2 миллионнан аса ұрлықтың жасалғаны айтылды. Олардың 1,5 миллионы сол күйі ашылмаған күйі қалған. Соңғы бес жылдың өзінде ұрлықтан түскен шығынның көлемі 70 миллиард теңгеден асқан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде