jasqazaq.kz

Бас прокуратура QirSabyn Телеграм-каналы арқылы ақша бопсалағандарды ұстады

20 желтоқсан 2024, 20:18


Бас прокуратураның үйлестіруімен ҰҚК және ІІМ ведомствоаралық жедел-тергеу тобы, ҚМА-ның мамандандырылған бөлімшесі бірлесіп, Астана және Қарағанды қалаларында QirSabyn Телеграм-арнасы арқылы шындыққа жанаспайтын ақпаратты жариялау қаупімен ақша бопсалаумен айналысқан адамдар тобы ұсталды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Бас прокуратура жариялаған хабарламада: «Шұғыл тергеу әрекеттері жүргізіліп, техникалық құралдар, ірі көлемдегі ақша сомасы және өзге де заттай дәлелдемелер алынды. Телеграм-арна әкімшілері соттың санкциясымен қамауға алынды», — делінген.
110 мың оқырманы бар QirSabyn Телеграм-арнасы танымал тұлғалардың жеке өмірі туралы шындыққа жанаспайтын, лас ақпарат таратуға машықтанған. Жазбаны алып тастау немесе жарыққа шығармау үшін ақша бопсалап келгені белгілі болды.
Кейбір ақпарат құралдары жазғандай, бұл жұмыспен жеті адам айналысқан.  Олардың кім екені әзірге айтылған жоқ. Тергеу жүріп жатыр.
JQ-Aqparat
Сурет: depositphotos.com

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі