jasqazaq.kz

Бас прокуратура: Қазақстан мен Қатар қылмысқа қарсы күресті бірге жүргізеді

15 ақпан 2024, 10:18

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатар мемлекетіне сапары аясында Қазақстан мен Қатар арасында ұстап беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімдерге қол қойылды.

Бұл туралы еліміздің Бас прокуратурасы мәлімдеді. Құжаттар халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмысқа, оның ішінде оның трансұлттық түрлеріне қарсы күреске бағытталған.

Атап айтқанда, ұстап беру туралы келісім тараптарға бір елде қылмыс жасаған және басқа елде жасырынған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін экстрадициялауға мүмкіндік береді.

Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісім қылмыс жасаған адамдардың кінәсін дәлелдеу бойынша екі елдің құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылына бағытталған.

Қазақстан тарапынан оларды іске асыру бойынша уәкілетті мемлекеттік орган Бас прокуратура болып табылады.
Айта кету керек, бұған дейін Қазақстан Сауд Арабиясымен, Иорданиямен және Біріккен Араб Әмірліктерімен осындай Араб әлемі елдерімен халықаралық шарттар жасасқан болатын.

Осылайша, Қатар Қазақстан Республикасының қылмысқа қарсы іс-қимыл саласында қажетті халықаралық-құқықтық базаны қалыптастырған Парсы шығанағының кезекті мемлекеті болды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі