jasqazaq.kz

Бас прокуратура: «Кәсіпкерлерге заңсыз салық салынған»

15 мамыр 2023, 13:01

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытында прокуратура органдары бизнес субъектілеріне жарнама салығын есептеу кезінде заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді. Мұны Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті. «Кәсіпкерлерден барлық жерде белгі үшін сыртқы жарнама ретінде салық алынған. Десе де «Жарнама туралы» заңға сәйкес, белгіге салық салынбайды, өйткені ол сыртқы (визуалды) жарнама емес. Мұндай тәжірибе әкімдіктердің фискалдық органдарға жарнама ретінде анықтай отырып, белгіні пайдаланатын кәсіпкерлер туралы мәліметті ұсынуы нәтижесінде қалыптасты. Мысалы, Алматы облысында әкімдік жарнама үшін салық төлеуші ретінде «А» ЖК туралы мәліметті жіберген кезде ғимараттың төбесіндегі дүкеннің белгісі ғана алынды. Сонымен қатар, Қызылорда облысында бизнес объектілерінде үгіт материалдарын орналастырғаны үшін 18 кәсіпкерге салықтық төлемдерді негізсіз есептеу фактісі анықталды, олар да заң талаптарына сәйкес салық салуға жатпаған.Жалпы, прокурорлар 1600-ден астам заңсыз салық алу фактілерін анықтады. Бүгінге прокурорлық қадағалау актілері бойынша 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 725 бизнес субъектісінің құқықтары қорғалды, 12 млн теңгеден астам қаражат кәсіпкерлерге қайтарылды. Бұл жұмыс жалғасып жатқанын» хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде