jasqazaq.kz

Бас прокуратура: Араб жазуы бар Қазақстан туын жарнамалағандарға құқықтық баға беріледі

02 мамыр 2025, 12:10

Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутатының сауалына жолдаған жауапта Атырау қаласында араб жазуы бар тумен суретке түскен тұрғындар қандай жазаға тартылғанын, тартылуы мүмкін екенін мәлім етті.

– Атырау облысындағы оқиға бойынша құқыққа қайшы əрекет жасаған 4 қызды сот Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық) əкімшілік жауапкершілікке тартты, — деп жазылған жауапта.

Сондай-ақ ресми мәліметте заң бұзған тұлғалардың аты-жөні мен арқалаған айыппұл көлемі ашық көрсетілген. Ондағы мәліметке сүйенсек, бір адамға 78 640 теңге, тағы 3 адамға 39 320 теңге айыппұл салынған.

– Сонымен бірге аталған факті бойынша 2025 жылғы 27 наурызда Атырау қаласының Полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 372-бабымен (мемлекеттік рəміздерді қорлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптама тағайындалды. Одан бөлек сауалда көрсетілген уəждер тексеріледі. Олардың нəтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданады, — деп жазады Берік Асылов.

Бас прокурор стандартқа сай емес Мемлекеттік Туларды сатқан маркетплейс сөреден ол өнімді алып тастағанын да жеткізді.

– Қылмыстық қудалау органымен «Ozon» маркетплейсінің Қазақстандағы өкілдігіне қылмыстық құқық бұзушылықтар жəне басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мəн-жайларды жою жөнiндегi ұсыну (Қылмыстық процестік кодекстің 200-бабының тəртібінде) қылмыстық іс шеңберінде жолданды. Нəтижесінде «Ozon» сайтынан жазуы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын сату туралы, сондай-ақ кез келген діни материалдарға қатысты барлық жарнама алынып тасталды, — делінген жауапта.

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі