jasqazaq.kz

Бас прокуратура: 21 мың заңсыз салық бұйрығы күшін жойды

19 сәуiр 2023, 10:21

Прокуратура өкілдері кәсіпкерлерге қатысты салық бұйрықтарын шығарудың заңсыздық әрекетін тоқтатты. Қолданыстағы салық кодексі бойынша салық бұйрықтары салық төлеуші кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғадан 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде берешегін өндіру кезінде шығарылуы мүмкін.
«Осыған қарамастан, аталған санаттағы адамдарға қатысты мемлекеттік кірістер органдары заңсыз бұйрықтар шығарып, кейіннен берешекті өндіріп алу бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, атқарушылық іс жүргізуді қозғаған. Нәтижесінде, шоттарға тыйым салынғаннан кейін кәсіпкерлер қарызды төлеп қана қоймай, сот орындаушылардың жұмысына ақы төлеуге мәжбүр болған. Мысалы, Алматы қаласында ЖК «H.» 430 мың теңгені өндіріп алу туралы салық бұйрығы шығарылған. Сот орындаушысы кәсіпкердің банктік шотына тыйым салып, бұл оның қалыпты жұмысына кедергі келтіргенін» мәлім етті бас прокуратура. «Прокуратура актісі бойынша салық бұйрығының күші жойылды, шектеу шаралары алынып тасталды, ал атқарушылық іс жүргізу тоқтатылды. Жалпы республика бойынша 23 мың осындай бұзушылық анықталды. Сондықтан Бас прокуратура Үкіметке нақты ұсыныстар енгізді. Нәтижесінде қадағалау актісі бойынша 21 мыңнан астам салық бұйрықтары жойылды, 13 мыңнан астам атқарушылық іс жүргізу тоқтатылды. Мемлекеттік кірістер комитеті өзінің ақпараттық жүйесін (ҚР БСАЖ) жаңғыртып, енді мұндай фактілер болмайды (бұйрықтар тек жеке тұлғаларға қатысты шығарылады). Бұдан басқа 40-тас астам жеке сот орындаушысы және салық органдарының 19 қызметкері, оның ішінде 6 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды» делінген прокуратураның хабарламасында. Еліміздің мемлекеттік кірістер департаменті мен басқарлаларының мамандарына салық бұйрықтарын шығару мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында семинарлар өткізілген.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура